2014 жылдың 28 наурызында "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС (Қазақстан) қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болып өтеді
19.03.14 14:32
/KASE, 19.03.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" Несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент,
бұдан әрі – компания), биржаға 2014 жылдың 28 наурызында сағат 11.00-де
қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы
хабарлады, жиналыстың күн тәртібінде:
- компания Басқармасының 2013 жылға шығындар және кірістер сметасын
орындау туралы есеп беруі;
- компанияның 2013 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту және
компанияның таза пайдасын бөлу.
Аталмыш жиналыстың өтетін жері: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47. Осы
жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10.00-де басталады.
Кворум жиналмаған жағдайда, компания қатысушыларының қайталама
жиналысы 2014 жылдың 31 наурызында сағат 10.00-де, жоғарыда
көрсетілген меен-жай бойынша басталады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдармен
қатысушылар: Шымкент қ., Г. Иляев көш., 47 мекен-жайында таныса алады.
[2014-03-19]