"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары жартылай кері сатып алғаны туралы хабарлады

14.03.14 17:55
/KASE, 14.03.14/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,35 %, 30/36) инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "АТФБанк" АҚ және "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – Эмитент) арасында жасалған 20.07.05 жылғы № 2 келісім-шарты негізінде, "АТФБанк" АҚ эмитенттің 2014 жылдың 24 ақпанында "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық алаңында өзінің 144 800 инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алғаны туралы хабарлайды. Нәтижесінде эмитент 2014 жылдың 01 наурызындағы жағдай бойынша өзінің 8 208 020 инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алды. [2014-03-14]