Бүгін Қазақстан қор биржасында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E590 (KZ2C00002483, KTGAb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

14.03.14 09:41
/KASE, 14.03.14/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) KZP01Y05E590 (KZ2C00002483; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KTGAb1; 1 000 теңге, 12,4 млрд теңге; 27.12.13 – 27.12.18, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 7,50 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар түрі: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру номері: KZP01Y05E590 ISIN: KZ2C00002483 KASE сауда коды: KTAGb1 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылу көлемі, млн теңге – тіркелген: 12 409,6 – орналастырылған: н/д Айналымның басталу күні: 27.12.13 Айналымның соңғы күні: 26.12.18 Өтеуді бастау күні: 27.12.18 Айналым мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 7,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: 27 маусым және 27 желтоқсан Уақытша база: 30 / 360 ------------------------------------------------ --------------------------- Сауда-саттық күні: 14.03.14 Өтеу мерзімі: 4,8 жыл (1 723 күн) Жарияланған орналастыру көлемі, млн теңге: 1 200,0 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім беру түрлері: шектеулі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінімдерді беру әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 11:30–15:00 Өтінімдерді растау кезеңі: 11:30–15:00 Кесімді уақыт: 16:00 Төлем уақыты: 16:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімді бағаға тең немесе сатушыға ұтымдырақ болатын қарсылама өтінімдердің бағасы бойынша Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы: Rated_ST1 ---------------------------------------------------------------------------- Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/KTGAb1 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-03-14]