"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

13.03.14 17:10
/KASE, 13.03.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Қоғам) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: 11 наурызда Қоғамға ірі акционер "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде Директорлар кеңесінің төрағасы Е.К.Кенжебековтың өкілеттігі тоқтатылғаны туралы хабарлады. ҚР "Акционерлік қоғам туралы" Заңының 55 бабы 4 тармағына сәйкес Е.К.Кенжебековтың өкілеттігі тоқтатылды. Жоағарда аталғанға сәйкес "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей: 1. Арман Дүйсебайұлы Әренов – Директорлар кеңесінің мүшесі; 2. Алексей Канапьевич Абдрахманов – Директорлар кеңесінің мүшесі; 3. Бекзат Мұратұлы Қарашев – Директорлар кеңесінің мүшесі; 4. Николай Васильевич Муравьев – Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор); 5. Абзал Болатұлы Әмірханов – Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор). Сонымен қатар, Қоғамның Жарғысының 28 бабы 5 тармағына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелерінің жалпы саны алты адамнан кем емес болуы тиіс. Қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі сайланғанша, қоғам өзінің құзіреті шегінде шешім қабылдауға құқығы жоқ. Қоғам акционерлерінің жаңа мүшесін сайлау мәселесі бойынша акционерлердің жалпы жиналысын өткізу мерзімі 2014 жылдың сәуір айының аяғы болып табылады. [2014-03-13]