2014 жылдың 25 сәуірінде "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

12.03.14 16:35
/KASE, 12.03.14/ – Бағалы қазағдары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2014 жылдың 25 сәуірінде сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің 2013 жылғы қаржылық есептемесін бекіту; - банктің 2013 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. Банктің қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау. Банктің бір қарапайым акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту; - банк Директорлар кеңесінің 2013 жылғы қызметі туралы есебі; - банк акционерлерін банктің Директорлар кеңесінің құрамын анықтау; - банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау; - банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - "HSBC БАНК КАЗАХСТАН" Еншліес банкі АҚ 100 % акцияларын сатып алуға келісім беру; - Банктің бағалы қағаздардың ұйымдаспаған нарығында акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын анықтау Әдістемесіне өзгертулер мен толықтруларды бекіту; - Банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы беру көлемі мен құрамы туралы хабарлау; - банк пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініш-шағымы туралы мәселені қарастыру және оның нәтижесі туралы. - банктің есептік комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В» үй, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 16 мамырда сол уақытта жоғарыда аталған мекен- жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен мына телефондар арқылы таныса алады: 8 (727) 259 07 77, 8-8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін). Заңды тұлға-акционерлер ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңы 17-бабының 5-тармағының бірінші бөлігіндегі талапқа сәйкес өз акционерлері (қатысушылары) тіркелген елге қатысты талаптың орындалуы туралы өтінішті тапсыруға тиіс. Өтініш нысаны банктің интернет-сайтында http://www/halykbank.kz/ жарияланған. [2014-03-12]