"Сбербанк Росcии" ЕБ АҚ (Қазақстан) "Қазақстан даму банкі" АҚ қолдауымен индустриалдық-инновациялық жобаларды қаржыландыру туралы хабарлады

12.03.14 16:20
/KASE, 12.03.14/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк Росcии" Еншілес банкі АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк) биржаға (KASE) 2014 жылдың 12 наурызында төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк еліміздің инновациялық-индустриялық даму жобалараны 14 млрд теңгеге қаржыландырады. Бұл ретте Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) 11 млрд теңгеге қорландыру көлемін бөлді, ал 20% - Сбербанктің меншік қаражаты. Жобаларды қаржыландыру 2013 жылы іске қосылған республиканың индустриялық-инновациялық дамуын қолдау бағдарламасы аясында жүргізілетін болады.Оның жүзеге асырылатын бірінші кезеңіне ҚДБ тарабынан 45 млрд теңге бөлінді. "Біз Қазақстан Даму Банкіне сенім артқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Тараптардың қолда бар әлеуеттігін тиімді пайдалануы бұдан былай да өзара ұтымды ынтымақтастыққа қызмет ететініне сенімдімін. Осы қаржыны инвестициялық жобаларды, экспорттық операцияларды іске асыру және айналым капиталын толықтыру үшін нақты экономика секторының кәсіпорындары алады", - деп атап өтті Қазақстандағы Сбербанк Басқармасының төрағасы Александр Камалов. "Коммерциялық банктердің қорландыру бағдарламасы Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Сондықтан, ҚДБ үшін, ең алдымен, ақырғы заемшылар маңызды. Серіктес банктер кредиттеу параметрлерін бекітті. Соңғы мөлшерлеме жылдық 11,5% аспауы тиіс. Заемдар ұлттық валюта - теңгеде берілгендігін атап өткім келеді. Сөйтіп, осы Бағдарлама бойынша ҚДБ тарабынан қаржы алатын компаниялар валюталық тәуекелге жатпайды. Сбербанк – ТМД елдеріндегі ірі қаржы институты. Сбербанктің серіктестеріміздің бірі ретінде анықталуы кездейсоқ емес", - деді ҚДБ Басқармасы төрағасының м.а. Асқар Достияров. Қосымша ақпарат алу үшін баспасөз қызметіне хабарласуға болады: "Сбербанк" ЕБ АҚ Екатерина Купреева +7 (727) 266 35 68 (вн. 502499) Моб:+7 702 18 16 127 e-mail: yekaterina.kupreeva@sberbank.kz "Қазақстан Дмау банкі" АҚ Динара Джолдаспаева +7 71 72 79 26 08 (вн. 7432) Моб:+7 701 49 85 314 e-mail: DinaraJ@kdb.kz цитата соңы [2014-03-12]