2014 жылдың 28 наурызында "Темiрлизинг" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді

27.02.14 15:36
/KASE, 27.02.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрлизинг" АҚ (Алматы, одан әрі – компания), биржаға (KASE) 2014 жылдың 28 наурызында сағат 10.00-де компанияның акционерлерінің жалпы жиналысы өтетінін хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе компанияның сандық құрамын анықтау, компанияның Директорлар кеңесінің уәкілеттік мерзімін анықтау, мүшелерін сайлау, компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы көлемін анықтау болып табылады. Аталмыш жиналыс: Алматы қаласы, Әйтеке би көш, 187, мәжіліс залында өтеді. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2014 жылдың 26 ақпанындағы жағдай бойынша жасалған. Кворум болмаған жағдайда комапния акционерлерінің қайталама жиналысы 2014 жылдың 31 наурызында сол уақытта аталмыш мекен-жайда өтеді. [2014-02-27]