21 ақпаннан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E657 (KZ2C00002517, HCBNb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

20.02.14 17:05
/KASE, 20.02.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2014 жылдың 21 ақпандағы шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ (Алматы) KZP01Y05E590 (KZ2C00002483, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, HCBNb2; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 11.02.14 – 11.02.19; жарты жылдық купон, жылдық 9, 50 %, 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hcbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-02-20]