2014 жылдың 21 ақпанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

20.02.14 16:58
/KASE, 20.02.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің өтініші негізінде 2014 жылдың 21 ақпанынан бастап автоматты репо нарығында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) XS0441261921, US48667QAC96 (KASE ресми тізімі; рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар санаты; KMGZe3; $1 500,00 млн; 23.07.09 – 23.01.15, жартыжылдық купон, жылдық 11,75 %; 30/360) халықаралық облигацияларының репо операциясының мерзімі 14 және 30 күн жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, ондағы репо операциясының заты ретінде пайдалануға рұқсат берілді. Репо операцияларына тиісінше коды R_KMGZe3_014 және R_KMGZe3_030 берілді. [2014-02-20]