2014 жылдың 19 ақпанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады

19.02.14 17:37
/KASE, 19.02.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен, KASE мүшесінің өтініші негізінде 2014 жылдың 19 ақпанынан бастап автоматты репо нарығында репо операциясының жаңа қаржы құралымен сауда-саттық ашылады, ондағы репо операциясының заты ретінде пайдалануға келесі бағалы қағаздарға рұқсат берілді: - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172; KASE ресми тізімі; рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар санаты; KMGZb4; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 09.11.10 – 09.11.17; 30/360) облигациялары операция мерзімі 14 және 28 күн; - "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, KASE ресми тізімі; рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар санаты; PRKRb5; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 12.12.11 – 12.12.18, жартыжылдық купон, жылдық 7,50 %; 30/360) облигацияларының операция мерзімі 14 және 30 күн; - "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E206 (KZ2C00001733, KASE ресми тізімі; рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар санаты; KZIKb22; 1 тенге, 10,0 млрд тенге; 02.04.12 – 02.04.17, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 % годовых, 30/360) облигацияларының операция мерзімі 14 және 30 күн. Репо операцияларына тиісінше коды R_KMGZb4_014, R_KMGZb4_028; R_PRKRb5_014, R_PRKRb5_030 және R_KZIKb22_014, R_KZIKb22_030 берілді. [2014-02-19]