"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Қазақстан) қосу арқылы қайта құру туралы хабарлады

18.02.14 11:32
/KASE, 18.02.14/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана), биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: Осымен Астана қ., 010000, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 10-үй (Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2011 жылғы 23 тамыздағы № 41031 – 1901- АҚ куәлігі, БСН 970240000816) мекенжайы бойынша тіркелген "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті (Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2004 жылғы 19 тамыздағы № 22785-1958-ЖШС куәлігі, БСН 040840001172) мекенжайы бойынша тіркелген "Тау-кен компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестікті оған қосу арқылы қайта құру туралы хабарландырып отыр. "Тау-кен компаниясы" ЖШС-нің барлық құқықтары мен міндеттері Табыстау актісіне сәйкес "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ-на көшеді. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ кредит берушілерінің наразылығы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі айдың ішінде Астана қ., 010000, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 10-үй мекенжайы бойынша қабылданады. [2014-02-18]