"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ KZP01Y05Е657 (KZ2C00002517, HCBNb2) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 11 ақпаннан бастап KASE ресми тізіміне енгізілді

11.02.14 10:13
/KASE, 11.02.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 07 ақпанындағы шешімімен "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы) KZP01Y05Е657 (KZ2C00002517; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 11.02.14 – 11.02.19, жартыжылдық купон, жылдық 9,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының аталмыш шешімі 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, күшіне енеді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың андеррайтері "Қазақстан халыұқ Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда коды) HCBNb2 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/hcbn мекен-жайында жарияланады. [2014-02-11]