2014 жылдың 11 наурызында "Великая Стена" Акционерлік инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

07.02.14 18:47
/KASE, 07.02.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Великая Стена" Акционерлік инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2014 жылдың 11 наурызында сағат 15:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компания акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - компанияның акцияларын өз еркімен делистингілеу туралы; - Қазақстан қор биржасы АҚ компанияның акцияларын өз еркімен делистингілеу туралы иректорлар өтініш беру туралы; Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 110е, "Монетный Двор" мәжіліс залы. Аталмыш жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14.30-дан 15.00-ге дейін. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 12 ақпанындағы жағдай бойынша құрастырылады. Акционерлер күн тәртібінің сұрақтарының материалдарымен жиналыс өтер алдында кемінде 10 күн бұрын Алматы қ., Әл-Фараби даңғ, 110е мекен- жайы бойынша және (727) 266 70 77 телефоны арқылы танысуына болады. [2014-02-07]