"АТФБанк" АҚ KZP01Y05Е608 (KZ2C00002509, ATFBb9) облигациялары биржада "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

07.02.14 17:59
/KASE, 07.02.14/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2014 жылдың 07 ақпанындағы "АТФБанк" АҚ (Алматы) KZP01Y05Е608 (KZ2C00002509; 1 000,0 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 8,50 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы жіне қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2013 жылғы 25 желтоқсанындағы жалпы сомасы 50,0 млрд теңгеге тіркеген, биржада листинг процедурасынан өткен "АТФБанк" АҚ аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигациялардың андеррайтері Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылары "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Секьюритис" АҚ болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) ATFBb9 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2014-02-07]