Бүгін Қазақстан қор биржасында "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Қазақстан) KZP02Y05C980 (KZ2C00002434, ALBNb3) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

07.02.14 09:57
/KASE, 07.02.14/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZP02Y05C980 (KZ2C00002434; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, ALBNb3; 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 04.11.13 – 04.11.18, жарты жылдық купон жылдық 7,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар түрі: купондық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру номері: KZP02Y05C980 ISIN: KZ2C00002434 KASE сауда коды: ALBNb3 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылу көлемі, млн теңге – тіркелген: 4 500,0 – орналастырылған: н/д Төлеу күні: 02.12.13 Айналымның басталу күні: 04.11.13 Айналымның соңғы күні: 03.11.18 Өтеуді бастау күні: 04.11.18 Айналым мерзімі: 5 жыл (1 800 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 7,00 %, жылжымалы Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 2 рет Купонды төлеуді бастау күні: 04 мамырда және 04 қарашада Уақытша база: 30 / 360 ------------------------------------------ ---------------------------- Сауда-саттық күні: 07.02.14 Өтеу мерзімі: 4,7 жыл (1 707 күн) Жарияланған орналастыру көлемі, млн теңге: 4 500,0 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім беру түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Өтінімдерді беру әдісі: жабық Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 11:30–14:30 Өтінімдерді растау кезеңі: 11:30–15:00 Кесімді уақыт: 16:00 Төлем уақыты: 16:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қарсылама өтінімдерінің, кесімді бағаға тең, бағалары бойынша немесе сатушы үшін ұтымдырақ бағамен Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы: Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы: Rated_ST1 ----------------------------------------------------------------------- Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2006 жылдың 12 қазанында жалпы сомасы 30,0 млрд теңгеге тіркеген, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасының аясында үшінші және биржада листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.kaz.pdf мекен-жайында орналасқан. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/ALBNb3 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2014-02-07]