"Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

07.02.14 09:47
/KASE, 07.02.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00490017 жалпы акцияларының саны 548 400 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз акционері және жалғыз тұлғасы "Альфа Банк" ААҚ (Москва, Ресей) болып табылады. [2014-02-07]