2014 жылдың 27 ақпанында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

06.02.14 15:14
/KASE, 06.02.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания) биржаға 2014 жылдың 27 ақпанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады. Жиналыстың күн тәртібінде компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, сандық құрамын, Компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімін анықтау, мүшелеріне сыйақы төлеу көлемі мен төлем шарттарын анықтау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралады. Осы жиналыс: Ақтау қ.,құс фабрикасының ауданы, компания кеңсесінде болып өтеді. [2014-02-06]