Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-96 (KZKDKY080106) оныншы шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізіледі

05.02.14 10:13
/KASE, 05.02.14/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). --------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-96 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY080106 Шығарылымның реттік саны: 10 / 96 KASE сауда-саттық коды: MUM096_0010 Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана 21 666 666 Төлеу күні: 04.12.13 Айналысқа жіберу күні: 21.05.13 Айналыста болудың соңғы күні: 20.05.21 Өтеу күні: 21.05.21 Айналыста болу мерзімі: 8 жыл (2 880 күн) Купондық мөлшерлеме жылдық 6,10 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонды төлеу күні: жыл сайын 21 мамырда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ -------------------- Сауда-саттық күні: 05.02.14 Өтеу мерзімі: 7,3 жыл (2 626 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 15 000 000 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) 05.02.14 Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша Сауда-саттық жүйесінің секторы MEKAM_ST1 Сауда-саттық жүйесінің тобы MEUKAM_096 --------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде пайызбен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген (жинақталған сыйақысын қоспағанда) облигацияның "таза" бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылдың 24 ақпанындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылдың 29 қазанындағы "Бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен сауда- саттықтарды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" # 170 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" # 61 қаулысына сәйкес, 2012 жылдың 15 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықққа қатысу үшін берілетін өтінімдерді тек, екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясына иеленген, сақтандыру ұйымдары немесе зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар болып табылатын, KASE қор нарығының мүшелері ғана құқылы. Зейнетақылық активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын, ұйымдар тек жинақтаушы зейгнетақы қорлары есебінен және мүддесіне ғана сауда-саттықққа қатыса алады. Бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру ережесінің мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/post_170.pdf мекен-жайында орналасқан. [2014-02-05]