"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарындағы үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

03.02.14 11:52
/KASE, 03.02.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 849 559 596 дана; - компанияның 525 065 529 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады. [2014-02-03]