"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) Басқарма құрамындағы өзгертулер туралы хабарлады

30.01.14 11:28
/KASE, 30.01.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), п2014 жылдың 28 қаңтарында баспасөз-хабарламасын ұсынды: Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен Басқарманың бұрынғы төрағасының басқа жұмысқа ауысуына байланысты, "Батыс транзит" АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Бейсембайұлы Құрманғазы Басқарма төрағасы болып сайланды. Осы шешіммен Басқарма құрамына: - Әсет Айтқалиұлы Жақұтов – өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары; - Гүлайым Ғалымқызы Жакина –экономика және қаржы басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды. [2014-01-30]