ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
28.01.14 17:30
/KASE, 28.01.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған ВТБ Банк АҚ Еншілес ұйымы (Алматы, бұдан әрі –
банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың
01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған (тек KZ1C57060010 жай акциялары) акцияларының
жалпы саны 2 000 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциясы орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ
Банк" ААҚ (Ресей) болып табылады.
[2014-01-29]