"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.01.14 12:03
/KASE, 24.01.14/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2014 жылдың қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C47810011 жай акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана; - банктің 2 069 520 акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға сәйкесінше жалғыз акционері "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) болып табылады. [2014-01-24]