"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0441261921 (US48667QAC96, KMGZe3) облигациялары бойынша 9-шы купонын төлегені туралы хабарлады

23.01.14 17:28
/KASE, 23.01.14/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 19 сәуірінде өзінің XS0441261921 (US48667QAC96, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe3) облигациялары бойынша 9-шы купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 88 125 000,00 АҚШ долларын құрады. [2014-01-23]