"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

22.01.14 14:30
/KASE, 22.01.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы саны 150 000 000 дана; - компанияның 143 863 799 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ (Алматы) болып табылады. [2014-01-22]