"ЛОГИКОМ" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2014 жылдың 01 қаңтарына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
20.01.14 09:55
/KASE, 20.01.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2014 жылдың
01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C48640011 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 3 815 240 дана;
- компанияның 2 099 263 акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлға KSB
HOLDING B.V. (Нидерланд Корольдігі) болып табылады.
[2014-01-20]