"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өзінің акциялары бойынша 2013 жылдың бірінші жартыжылдығына дивиденд төлеуді көздеп отыр

17.01.14 17:52
/KASE, 17.01.14/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2013 жылдың екінші жарты жылдығына бір акцияға 40,00 теңге көлемінде дивиденд төлейтіні туралы хабарлады. ...2013 жылдың 27 желтоқсанында болып өткен "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 2013 жылдың 1 жартыжылдығында Қоғамның акцияларына және бөлінбеген табысына дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды . Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2014 жылдың 5 қаңтарындағы 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бойынша жасалған. Дивидендтерді төлеу күні 2014 жылдың 6 қаңтарынан баталып бір айдың ішінде жүргізіледі. Бір жай немесе артықшылықты акцияға дивиденд көлемі 2603,90 теңге. [2014-01-17]