"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) корпоративтік даулар бойынша сот актісін шығарғаны туралы хабарлады

17.01.14 10:33
/KASE, 17.01.2014/ - Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) биржаға (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: "Firebird Republics Fund, Ltd" Компаниясы, заңды мекен-жайы: C/o Trident Trust Co (Cayman) Ltd. 1 Capital Place Box 847, Grand Cayman, Кайманов аралы, Астана қаласының арнайы маманандырылған ауданаралық экономиклық сотына 17.09.13ж. "Қазақтелеком" АҚ, заңды мекен-жайы: Астана қ, Абай даңғылы 31, салық ұстау және дивиденд сомасының дұрыс аударылмауына қатысты заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Астана қаласының арнайы маманандырылған ауданаралық экономиклық сотының 2013 жылдың 18 желтоқсанындағы шешімімен "Firebird Republics Fund, Ltd" компаниясының талап арыздарын қанағаттандырудан бас тартты. "Firebird Republics Fund, Ltd" Компаниясы Астана қаласының АМАЭС шешімін жою туралы аппелляциялық шағым берді. [2014-01-17]