"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) 2014 жылдың 23 қаңтарында Лондонда инвесторлармен кездесу өтетіні туралы хабарлады

16.01.14 14:31
/KASE, 16.01.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк) биржаға (KASE) баспасөз-хабарламасын ұсынды: 2013 жылдың 13 желоқсанында Лондон қаласында өткен инвесторлармен кездесу нәтижесі бойынша "Альянс Банк" АҚ (одан әрі – Банк) басшылығы облигацияларды ұстаушыларды, сондай-ақ акцияларды және банктің жахандық депозитардық қағаздарын ұстаушыларды 2014 жылдың 14 қаңтарында Лондонда өтетін инвсеторлармен кездесуге қатысуға шақырады. Кездесуде Банкті қайта капиталдандыру жоспары ұсынылады. Инвесторлармен кездесу 2014 жылдың 23 қаңтарында бейсенбіде, сағат 10.30-да White&Case кеңсесінде: 5 Old Broad Street, Лондон, EС2N 1DW, Ұлыбритания мекен-жайында өтеді. Барлық кездесуге қатысушалар alb.noteholders@lazard.fr электрондық мекен-жайға байланыс мәліметтерін көрсете отырып, электрондық хабарлама жіберу арқылы тіркелуі тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін: Тел. +7 (727) 258 40 40 (ішкі. 52034) E-mail: IR@alb.kz Веб-сайт: www.alb.kz [2014-01-16]