16 қаңтардан бастап KASE қайталама нарығы секторында "Банк "Bank RBK" АҚ (Қазақстан) KZP03Y03E468 (KZ2C00002491, INBNb3) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

15.01.14 17:56
/KASE, 05.01.14/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2014 жылдың 16 қаңтардағы шешімімен KASE қайталама нарығы секторында "Bank RBK" Банкі АҚ (Алматы) KZP03Y03E468 (KZ2C00002491, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, INBNb3; 1 теңге, 8,0 млрд теңге; 27.12.13 – 27.12.16; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Zurich Invest Management" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2014 жылдың 27 желтоқсаннан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/inbn мекен-жайы бойынша жарияланған. [2014-01-15]