Желтоқсан айында Биржада акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны 6 % төмендеді
14.01.14 09:27
/KASE, 14.01.2014/ – 2013 жылдың желтоқсан айында Қазақстан қор
биржасында (KASE) акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны
алдыңғы айға қарағанда 6 % төмендеді. Жеке тұлғалар үшін жалпы брутто-
айналым мәмілелері қараша айында 49,7 %-дан 38,9-ға дейін төмендеді.
Қараша айында биржадағы акциялармен сауда-саттық алдыңғы айға
қарағанда 10 есе төмендеп, 8,6 млрд теңгені құрады (арнайы
мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде акциялармен сауда-
саттық көлемі 4,3 млрд теңгені құрады). Сауда-саттық көлемінің төмендеуі
"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ (Алматы) KZ1C59400016 (KZ1C00000967, KASE
ресми тізімі, үшінші санат, SHZN) жай акцияларымен ірі мәміле жасаумен
байланысты.
Айдың аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы,
одан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке
шоттардың жалпы саны 54 854 жетті, ол алдыңғы айдың соңына қарағанда
346 санға артқандығын көрсетеді және ағымдағы жылдың басына қарағанда
2 548 санға артқан.
ОД ақпараты бойынша ашылған шоттрадың саны бағалы қағаздар алты
айдан астам уақыт пайдаланылмаған шоттарының жабылуына байланысты
төмендеді.
Төменде Биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы ОД шот ашқан
биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы, сондай есеппен
акциялармен сауда-саттықтың брутто-айналымы, сондай-ақ акциялармен
сауда-саттық брутто айналымындағы жалпы мәміле үлесі туралы жеке
тұлғалардың санының өсу қарқыны туралы ақпарат берілген. Ақпарат
аталған айдың соңында нәтижелер бойынша ұсынылған.
-----------------------------------------------------------------------------
ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы
2013 жылдың айлары млрд теңге* брутто
айналымдағы, %*
------------------ ---------- --------------- --------------- ---------------
қаңтар 52 231 1 096 8,0 48,3
ақпан 52 371 954 3,1 47,9
наурыз 52 706 662 2,1 38,5
сәуір 53 312 839 15,6 43,8
Мамыр 54 369 726 2,5 52,3
Маусым 54 909 795 3,8 44,8
Шілде 55 234 1 036 3,2 32,6
тамыз 55 535 841 2,4 54,8
қыркүйек 55 777 765 3,3 44,0
қазан 55 876 711 14,6 84,0
қараша 55 200 794 45,3 49,7
желтоқсан 54 854 744 3,3 38,9
-----------------------------------------------------------------------------
*арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде.
[2014-01-14]