"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өз Басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарлады

08.01.14 11:58
/KASE, 08.01.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен: 1. 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқармасының құрамы ның саны 9 (тоғыз) адам деп белгіленді; 2. 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Басқармасының мүшесі болып Ыбрайымов Асқар Ізімбайұлы сайланды. [2014-01-08]