"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің XS0373641009, US48667QAA31 (KMGZe2) халықаралық облигациялары бойынша 11-ші купонын төлегені туралы хабарлады

06.01.14 16:09
/KASE, 06.01.14/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2014 жылдың 02 қаңтарында өзінің XS0373641009, US48667QAA31 (KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe2) халықаралық облигациялары бойынша 11-ші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 73 000 000,00 АҚШ долларын құрады. [2014-01-06]