"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы хабарлады

06.01.14 14:04
/KASE, 06.01.14/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Банк), бүгін биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп мәлімдеді: Банктің Директорлар кеңесі 2013 жылдың 28 желтоқсанындағы (28.12.13 ж № 28 шешім) шешімімен бір дауыстан Директорлар кеңесінің Төрайымы болмаған кездерде міндетін атқарушы тұлға болып Бучукина Надежда Ивановна сайланды. Банк акционерлерінің 2013 жылдың 30 желтоқсанында болып өткен Кезектен тыс Жалпы жиналысының қорытындысы бойынша (30.12.2013 ж. №04/13 хаттама), дауыстарды қарапайым көпшілігімен былай деп шешті: 1. "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесінің келесі мүшелерінің өкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқтатылсын: - Көшкімбаева Мира Аманқұлқызы – Директоралр кеңесінің Төрайымы;қ - Ахметкалиева Жұлдыз Серікқалиқызы – Директорлар кеңесінің мүшесі. 2. "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесі мүшелігіне, өкілеттілік мерзімі Банктің Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін келесі тұлғалар сайлансын: - Рысқұлов Айдар Қайратұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі ("Самұрық-қазына" ҰӘҚ" АҚ мүддесінің өкілі); - Исатаев Тимур Ризабекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі ("Альянс Банк" АҚ Басқармасының өкілі); - Ташпулатова Саодат Азатовна – тәуелсіз директор – Директорлар кеңесінің мүшесі. 3. Бұл шешім қабылданған сәттен бастап күшіне енеді. [2014-01-06]