"ЛОГИКОМ" АҚ KZ2C0Y05D281 (KZ2C00000933, LOGCb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

31.12.13 12:42
/KASE, 31.23.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 31 желтоқсанынан бастап "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05D281 (KZ2C00000933, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, LOGCb2; 1 тенге, 1,7 млрд тенге; 31.12.08 – 31.12.13, жылдық 11,00 % жарты жылдық купон; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2008 жылдың 31 желтоқсанынан бастап "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2009 жылдың 15 қаңтарында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 7,87 және 26,00 % аралығында құбылды. 2012 жылы аталмыш облигациялар биржадағы беймемлекеттік бағалы қағаздардың саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 132-шы жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,07 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 97-ші жайғасымға иеленді (0,12 %). [2013-12-31]