ҚҰБ ҚҚК "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ акцияларын 2013 жылдың 17 мамырынан 16 қарашасына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

28.12.13 12:32
/KASE, 28.12.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 18 желтоқсандағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2013 жылдың 17 мамырынан 16 қарашасына дейінгі кезеңде "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2013 жылдың 16 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 3 650 280 жай акциясы орналастырылмаған. [2013-12-28]