"Қазақстан халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамына "Еуразиялық банк" АҚ KZP05Y08D258 (KZ2C00002467, EUBNb12) және KZP06Y10D252 (KZ2C00002475, EUBNb13) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

27.12.13 18:18
/KASE, 27.12.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 27 желтоқсандағы шешімімен "Қазақстан халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамына (Алматы) өтініші негізінде "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді. - KZP05Y08D258 (KZ2C00002467, EUBNb12, 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 8 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 9,00 %, 30/360); - KZP06Y10D252 (KZ2C00002475, EUBNb13, 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 9,00 %, 30/360). Маркет-мейкер міндеттерін аталмыш облигциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап орындауға кірісуге міндетті. [2013-12-27]