"АСЫЛ-ИНВЕСТ" акционерлік қоғамына "КазТрансГаз Аймақ" АҚ KZP01Y05E590 (KZ2C00002483, KTGAb1) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді
27.12.13 17:34
/KASE, 27.12.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013
жылдың 27 желтоқсандағы шешімімен "АСЫЛ-ИНВЕСТ" акционерлік
қоғамына (Алматы) өтініші негізінде "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Алматы)
KZP03Y03E468 (KZ2C00002491; KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KTGAb1; 1 000 тенге, 12 409 636,0
тыс. тенге; 27.12.13 – 27.12.18, жылдық 7,50 % жарты жылдық купон; 30/360)
облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді.
Маркет-мейкер міндеттерін аталмыш облигциялармен сауда-саттық
ашылған күннен бастап орындауға кірісуге міндетті.
[2013-12-27]