"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

27.12.13 11:37
/KASE, 27.12.2013/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Банк) биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: Банктің Директорлар кеңесінің 2013 жылдың 23 желтоқсандағы шешіміне сәйкес (одан әрі-Шешім) ағымдағы жылдың 23 желтоқсанынан бастап Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Миржан Елдесұлы Қарақұловтың өкілеттігі берген өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сол шешіммен Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары болып 2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Марс Бақтиярұлы Алдашов сайланды. [2013-12-27]