"Аман Мұнай Эксплорэйшн" АҚ KZ1C59520011 (KZ1C00000983, AMAN) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

26.12.13 18:49
/KASE, 26.12.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 26 желтоқсандағы шешімімен "Аман Мұнай Эксплорэйшн" АҚ KZ1C59520011 (ISIN – KZ1C00000983) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы жіне қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2013 жылғы 01 тамызындағы жалпы сомасы 30,0 млрд теңгеге тіркеген, биржада листинг процедурасынан өткен "Аман Мунай Эксплорэйшн" АҚ 26 220 170 жай акцияларына бөлінген, ұлттық сәйкестендіру номері KZ1C59520011 берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізбесіне А5952 номерімен енгізілген. "Аман Мұнай Эксплорэйшн" АҚ қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған (сауда коды) AMAN берілді. "Аман Мұнай Эксплорэйшн" АҚ негізгі қызметі – көмір сутегі шикізатын барлау және өңдеу болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-12-26]