"Алматытемiр" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларын ұстаушыларының 2014 жылдың 20 қаңтарында қайталама жалпы жиналысы өтеді

25.12.13 17:13
/KASE, 25.12.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алматытемiр" АҚ (Алматы) биржаға (KASE) 2014 жылдың 20 қаңтарында сағат 11:00-де KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ALTMb1; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 01.11.07 – 01.11.24, жартыжылдық купон 3,00 %; 30/360) облигацияларын ұстаушылардың қайталама жалпы жиналысы өтеді. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 2. Аталмыш облигацияны ұстаушылар қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуы тиіс.: (727) 379 19 75, 379 24 65, 393 73 35 e-mail: zhetsu2003@mail.ru [2013-12-25]