"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2013 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған кезектен тыс жалпы жиналысы кворум болмағандықтан, өткен жоқ

25.12.13 16:42
/KASE, 25.12.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2013 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы кворум болмағандықтан өтпегені туралы хабарлады. "Қазақтелеком" АҚ хабарламасына сәйкес қайталама жиналыс 2013 жылдың 27 желтоқсанында: Астана қ., Сауран д-лы, 12, мәжіліс залы мекен- жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі. Бұрын осы тақырыпта KASE веб-сайтында 2013 жылдың 15 және 29 қарашасында жаңалықтар жарияланған болатын. - http://www.kase.kz/news/show/1206211 - http://www.kase.kz/news/show/1207595 [2013-12-25]