/KASE, 25.12.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2013 жылдың
19 желтоқсанына жоспарланған компания акционерлерінің кезектен тыс
жалпы жиналысы кворум болмағандықтан өтпегені туралы хабарлады.
"Қазақтелеком" АҚ хабарламасына сәйкес қайталама жиналыс 2013
жылдың 27 желтоқсанында: Астана қ., Сауран д-лы, 12, мәжіліс залы мекен-
жайында өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден
14:00-ге дейін жүргізіледі.
Бұрын осы тақырыпта KASE веб-сайтында 2013 жылдың 15 және
29 қарашасында жаңалықтар жарияланған болатын.
-
http://www.kase.kz/news/show/1206211
-
http://www.kase.kz/news/show/1207595
[2013-12-25]