/ҚАЙТАЛАУ/ KASE қор фьючерстері маманданымына өзгертулер енгізді

19.12.13 18:49
/KASE, 23.12.2013, 19.12.13 жаңалығын қайталау / – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 18 желтоқснадағы шешімімен төмендегі өзгертулер бекітілді: - KAZAKHMYS PLC жай акциялары фьючерстері маманданымына № 2 өзгертулер; - "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ жай акциялары фьючерстеріне маманданымына № 2 өзгертулер; - "КазТрансОйл" АҚ жай акциялары фьючерстері маманданымына № 1 өзгертулер; - АО "КСЕЛЛ" АҚ фьючерстері маманданымына № 1 өзгертулер. Аталмыш өзгертулер 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі. Өзгертулер биржада туынды қаржы құралдарымен сауда-саттықты ынталандыру мақсатында енгізілді және фьючетстік шарттарда негізгі актив базасы санын арттыруды қарастырады. Ерекшеліктердің жаңартылған мәтіндері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/rules_kase ("Сауда-саттық" бөлімшесінде, "Деривативтер" бөлімінде) мекен-жайында орналасқан. [2013-12-23]