2013 жылдың 27 желтоқсанында "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

20.12.13 11:49
/KASE, 20.12.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания) биржаға 2013 жылдың 27 желтоқсанында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізіледі деп хабарлады. Жиналыстың күн тәртібінде компанияның 2014-2018 жылдардағы даму жоспарын бекіту туралы жалғыз сұрақ қаралады. Осы жиналыс: Ақтау қ.,құс фабрикасының ауданы, компания офисі болып өтеді. [2013-12-20]