S&P "Қазақстан Даму Банкі" АҚ рейтингін растады, болжам "Тұрақты"

13.12.13 17:17
/Standard & Poor's, Лондон, 04.12.13, ағылшын тілінен аудармасы Standard & Poor's, KASE тақырыптамасы/ Standard & Poor’s несие рейтингі қызметі мемлекеттік "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) міндеттемелері бойынша контрагенттінің несие рейтингін шет елдік және ұлттық валютамен "ВВВ+/А- 2" деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша рейтинг – "kzAAA". Рейтингті өзгерту болжамы – "Тұрақты". ҚДБ несие рейтингі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингілеріне теңестіріледі, өйткені біз банкті мемлекетпен байланысты деп есептейміз, сондай-ақ қаржылық қиындықтар туындаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан шұғыл қолдау көрсету мүмкіндігі бар екендігін ескереміз. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1208800 мекен-жайында танысуға болады. [2013-12-18]