KASE Басқармасы Клирингілік қызмет көрсетуге қабылданатын, қаржы құралдарының тізіміне енгізілген өзгертулерді бекітті

13.12.13 17:15
/KASE, 13.12.2013/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімімен "Клирингілік қызмет көрсетуге қабылданатын, қаржы құралдарының тізімі" (Тізім) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 3 өзгертулер бекітіліп, 2013 жылдың 12 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілді. Өзгертулер EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC жай акцияларына үш айлық және алты айлық фьючерстерін KASE клирингілік қызмет көрсетуге қабылдайтын, тізімнен шығарылуына байланысты енгізілген. Бұдан басқа, редакциялық сипаттағы өзгертулер енгізілді. Тізімнің жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_instruments.pdf мекен- жайында жарияланады. [2013-12-13]