"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C58290012 (KZ1C00000868, MATN) жай акциялары бойынша 2012 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады
13.12.13 12:49
/KASE, 13.12.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), 2013 жылдың
12 желтоқсанында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп
мәлімдеді:
"Матен Петролеум" АҚ ("Қоғам") 15.11.2013 ж. болып өткен Қоғам
акционерлерінің Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, Қоғамның жай
акциялары бойынша 2012 жылға төленуі тиіс дивидендінің 4 586 495 000
(төрт миллиард бес жүз сексен алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың)
теңге сомасындағы қалған бөлігін төледі.
Ағымдағы күні Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының хаттамасына
сәйкес нақты төленген дивиденд бөлігінің жалпы сомасы 13 008 395 000
(он үш миллиард сегіз миллион үш жүз тоқсан бес мың) теңгені құрады.
Дивиденд қолма-қол ақашасыз акционерлердің – Қоғамның жай акцияларын
ұстаушыларының банктік шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге
асырылды.
[2013-12-13]