"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) қорға тиесілі "Темiрбанк" АҚ 79,9 % және "Альянс Банк" АҚ 16,0 % акцияларын стау жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны туралы хабарлады

12.12.13 17:32
/KASE, 12.12.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) биржаға (KASE) баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Самұрық-Қазына" АҚ "Темір банк" АҚ мен "Альянс банк" АҚ үлесін Болат Өтемұратовқа сатуға келісті. Тараптар "Темір банктің" 79.88% жай және артықшылықты акцияларын және «Альянс банктің» 16 %-ын жай және артықшылықты акцияларын сатуға келісім берді. Келісім нәтижесінде "Самұрық-Қазына" АҚ "Альянс Банктің" 51 % жай және артықшылықты акциясын иеленеді. Екі келісім де ресми органдармен рәсімделіп, 2014 жылдың бірінші тоқсанында қуатталады деп күтілуде. Келісім алдында сатып алушы "Темір банк" АҚ кредиторларымен, тәртіпке сай, келіссөздер жүргізбек. "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың айтуынша, бірінші кезең Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, дағдарыс уақытында коммерциялық банктердің үлесінен шығу болып табылады. «Қордың дағдарыс кезінде коммерциялық банктерге көмек бергені қаржы нарығына оң әсер етті», Болат Өтемұратов: «Екі банктің жұмысын жолға қою үшін осы келісім керек еді. «Темір банкті» келісімнен кейін қабылдаймыз. Біздің мүмкіндігімізбен екі банкті де, Қор арқылы, инвесторлармен ақылдасып отырып, шешеміз деп ойлаймын. ... цитата соңы [2013-12-12]