"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) Т.Исатаевты Банк Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындау және 13 желтоқсанда Лондонда болатын инвесторлармен кездесу туралы хабарлады

09.12.13 17:40
/KASE, 09.12.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы, одан әрі цитатада – Банк) биржаға (KASE) бүгін төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Альянс Банкі" АҚ (ары қарай – Банк) Банк менеджменті құрамындағы өзгерістер туралы және 2013 ж. 10 қазанда Тимур Исатаевтың Банк Басқармасының Төрағасы лауазымына тағайындалғаны жөнінде хабарлады. Банктің жаңа басшылығы облигация ұстаушыларын, сонымен қатар Банктің акция мен ғаламдық депозитарлық қолхаттар ұстаушыларын Лондон қаласында (Ұлыбритания) 2013 жылғы 13 желтоқсанда өтетін инвесторлармен кездесуге қатысуға шақырады. Кездесуде Банктің ағымдағы қаржылық жағдайын таныстыру рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Банктің стратегиялық даму жолдарын қарастыру және кредиторлармен келіссөздер жүргізуге ықпалдасу үшін Банк White&Case және LazardFrères компанияларының заңгерлік және қаржылық кеңесшілер ретінде тағайындалғанын ризашылықпен хабарлайды. Инвесторлармен кездесу 2013 жылғы 13 желтоқсанда, жұма күні, сағ. 10.00- де White&Case кеңсесі, Old Broad Street 5, EС2N 1DW, Лондон (Ұлыбритания) мекенжайы бойынша өтеді. Аталған кездесуге қатысуға ниетті барлық тұлғалар, байланыс мәліметтерін көрсетіп, келесі электронды мекен- жайға alb.noteholders@lazard.fr хабарлама жіберу арқылы тіркелу қажет. Қосымша ақпарарт алу үшін: Инвесторлармен байланыс Тел. +7 (727) 258 40 40 (вн. 52034) E-mail: IR@alb.kz Веб-сайт: www.alb.kz цитата соңы [2013-12-09]