"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) өз Директорлар кеңесінің компанияның Басқарма құрамын анықтау жәна Басқарма мүшелерін сайлау туралы шешімдері туралы хабарлады

06.12.13 17:28
/KASE, 06.12.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2013 жылдың 05 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: "Матен Петролеум" АҚ (бұдан әрі "Қоғам") 2013 жылдың 15 қарашасында болып өткен Директорлар кеңесінің отырысы келесідей шешім қабылдады деп хабарлайды: 1. Қоғам Басқармасының келесідей, 7 адамнан тұратын, лауазымдық құрамы анықталсынк: - бас директор (атқарушы органның жетекшісі), - мұнай сату және логистика жөніндегі басқарушы директор, - экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, - салық сұрақтары жөніндегі басқарушы директор, - өндіріс бойынша басқарушы директор, - сатып алулар бойынша басқарушы директор, - құқықтық сұрақтар жөніндегі басқарушы директор. Қоғам Басқармасының өкілеттілік мерзімі Басқарма мүшелері мен жетекші сайланғаннан күннен бастап 5 жыл деп белгіленсін. 2. 2013 жылдың 16 қарашасынан бастап келесі тұлғалар Қоғам Басқармасының мүшелері болып сайлансын: - Қоғамның бас директоры (атқарушы органның жетекшісі) – Құдабаев Қаднена Қуанышұлы, - мұнай сату және логистика жөніндегі басқарушы директор – Мәулешев Арман Ахметжанұлы, - экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – Өтенов Нұрлана Қаливуллаұлы, - салық сұрақтары жөніндегі басқарушы директор – Енсебаева Гүлнар Төлегенқызы, - өндіріс бойынша басқарушы директор – Мәдижан Әлфараби Турсынханұлы, - сатып алулар бойынша басқарушы директор – Березина Анастасия Валерьевна, - құқықтық сұрақтар жөніндегі басқарушы директор – Құдабаев Аркадий Камалұлы. Байланыстық ақпарат: "Матен Петролеум" АҚ, биржамен байланыс бойынша жауапты тұлға Серiк Ержан (+7 7273 52 70 26) Email: info@matenpetroleum.kz [2013-12-06]